2025-2026 оқу жылындағы біліктілігін көтеруге өтініш берген ұстаздарға Ұстаз платформасындағы өзгерістер, жүктелетін құжат түрлері таныстырылды.
Платформаға жауапты мамандарға бұйрық шығарылды.
Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде концерттік бағдарлама болып өтті, ұйымдастырушы музыка пәні мұғалімдері Айтжанов Қайрат, Нурханова Умида және номер дайындап оқушыларын қатыстырған бастауыш пәні мұғалімдеріне және қатысушы оқушыларға көп рақмет!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Республикалық жас Ұлан жасөспірімдер мен балалар ұйымына 1-5 сыныптарды салтанатты түрде ант қабылдау жиыны өтті.
Буллингті уақытында анықтап, дер кезінде әрекет ету — оның алдын алудың ең тиімді жолы

🛡️2022 жылдан бастап елімізде «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары заңнамалық деңгейде бекітілді. Ал 2024 жылдан бастап бұл әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

📩 Ағымдағы жылдың 11 айында 404 іс тіркеліп, оның ішінде 238 адам жауапкершілікке тартылды.

⤴️ Жоғарыда берілген инфографикада — әрекет ету алгоритмі, құқықтық шаралар және ата-аналарға, педагогтер мен мамандарға арналған нақты ұсынымдар ұсынылған.
ҚОЛДАУ ӘРҚАШАН ЖАНЫҢДА: БАЛА ОНЛАЙН -ЗОРЛЫҚҚА ҰШЫРАҒАНДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектептер балалардың жан-жақты дамуына қажетті барлық жағдайды жасайды. Мұнда STEM-зертханалар мен спорт залдарынан бастап, жайлы демалыс аймақтары мен заманауи кітапханаға дейін жабдықталған
ҚҰРМЕТТІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Соңғы уақытта мектеп аумағында және көшелерде қаңғыбас иттердің жүру жағдайлары тіркелуде. Бұл жағдайлар оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, оқу үдерісіне кедергі келтіруі мүмкін.
✅"Балалықтан даналыққа" кітабының авторымен тікелей эфир.
✅Қарасай ауданы білім бөлімінің басшысы Әсел Әбілеевна Еркімбаева мен "Балалықтан даналыққа" кітабының авторы Мырзабай Сейілбек тікелей эфирде.
@karasay_bilim_bolim
7 «В» сыныбында 1-тоқсан қорытындысы бойынша байқау өтті.
Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру және уәжін көтеру мақсатында 7 «В» сыныбында «Ең үздік күнделік» және «Ең үздік оқушы» атты байқаулар ұйымдастырылды.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуды жалғастыруда. Биыл жаңа форматтағы 140-қа жуық мектептің 7 мыңнан астам педагогі біліктілікті арттыру курсынан өтті. Қазіргі таңда оқыту нәтижелерін бағалау мақсатында қорытынды тестілеу жүргізілуде.
Тестілеу қорытындысы бойынша қатысушыларға кәсіби дамуын одан әрі жалғастыруға арналған жеке ұсынымдар беріледі. Алдағы уақытта вебинарлар, семинарлар, шеберлік сабақтар және басқа да білім беру іс-шараларын өткізу жоспарланған.
Киберқауіпсіздік негіздері тақырыбында 5-11 сынып оқушылар арасында түсінік жұмыстары жүргізіліп,тренинг өткізілді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмысын оң бағалады. Прокуратура органдары қысқа мерзімде ауқымды жұмыс атқарды – мұндай көлемдегі қаражат осындай қысқа уақытта бұрын-соңды қайтарылған емес. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңды іске асыру аясында олигополия субъектілерінен 1,3 трлн теңгеден астам қаражат өндірілді, оның шамамен 850 млрд теңгесі мемлекет кірісіне түсті.