Меню KDT

Новости

Главная Новости

08.10.2024

тамақтану

Үнемі кезекшілік тексеру.

07.10.2024

Алматы облысы Республикалық «Өрлеу» БАҰО» АҚ мүшесі Бакытжан Аубакирович және әскери жетекшілер мектебімізге келді

Алматы облысы Республикалық «Өрлеу» БАҰО» АҚ мүшесі Бакытжан Аубакирович және әскери жетекшілер мектебімізге келді.Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі,өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жоғары жетістіктері мен  кәсіби шеберлігі үшін  мектебіміздің АӘТД жетекшісі Б.Несипбаев “Педагог-модератор” төсбелгісімен марапатталды.Марапатыңыз құтты болсын💐

06.10.2024

Әскери патриоттық және адамгершілік тәрбиелеудің жалпы жүйесі

2024 жылғы 6 қазанда «Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі» КММ-де алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшісі Азат Тукеновтың ұйымдастыруымен «Әскери патриоттық және адамгершілік тәрбиелеудің жалпы жүйесі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді. Мақсаты: Әскери патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеудің адам өміріндегі маңызы жайлы түсіндіру. Әскери патриоттың отбасында, мектептегі және әскердегі рөлі, әскери патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеудің бастамасы үштік одақтан басталатынын түсіндіру. Семинарға жалпы білім беру ұйымдарының алғашқы әскери және технологиялық дайындық пән мұғалімдері қатысты. Семинардың бастамасы патриоттық нақышта болсын деп көк туымыз бейнеленген тәттілер таратылып, сол бойынша «Отбасы», «Мектеп», «Әскер» болып топқа бөлінді. Таныстырылым жасалып, әр кезең бойынша тапсырмалар орындалды. Іс-шарада сабақ кезеңдеріндегі жұмыс формалары мен әдістеріне көп көңіл бөлінді, сонымен қатар қатысушылар жаңа білім мен дағдыларды игеруді ескере отырып, өз тәжірибелерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Келген қонақтар семинарға жоғары баға беріп, осындай тәжірибе бөлісуге арналған кездесулердің маңызды екендігі туралы пікірлерімен бөлісті. Семинар-практикум Ұстаздар мерекесімен тұспа-тұс келуіне орай мектеп өнерпаздарының ән-күйлерін тамашалап, келген қонақтарға ізгі тілектер айтылды. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!» деген қанатты сөзі арқау болып, еліміздің алдағы кемел болашағы, ең алдымен, толыққанды патриот жастарды тәрбиелеу сіз бен біздің борышымыз деп аяқталды.

04.10.2024

2024 жылғы педагогтердің мектепшілік аттестау коммисиясының отырысы

2024 жылғы педагогтердің мектепшілік аттестау коммисиясының отырысы

03.10.2024

Құрметті Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің ұлағатты ұстаздары, төл мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметті Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің ұлағатты ұстаздары, төл мерекелеріңіз құтты болсын! Мерейлеріңіз үстем болсын

02.10.2024

Ұстаздар күні мерекесімен құттықтауы

1 «В» сынып оқушыларының Ұстаздар күні мерекесімен құттықтауы.

02.10.2024

Барлық ұстаздар қауымын төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Барлық ұстаздар қауымын төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!❤️

02.10.2024

Балаларымыздың ақылды, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту

Балаларымыздың ақылды, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында Даналық мектебінің жоспарына сәйкес Әжемнің ертегісі тақырыбында бейнеролик түсірдік. Бұл бейнеролик арқылы барша әжелерімізге айтарымыз Қарттар күні құтты болсын. сіздерге зор дансаулық, отбасыларыңызға амандық, қажымас қайрат тілейміз.

02.10.2024

Ұстаздар мерекесі

Барша ұстаздар қауымын келе жатқан Ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денаулық, қажымас қайрат тілейміз.

02.10.2024

Үштерек орта мектебінде ұстаздар мерекесіне орай 3-ші қазан "Дублер күні "өтеді

Үштерек орта мектебінде ұстаздар мерекесіне орай 3-ші қазан "Дублер күні "өтеді.
Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл ғажап мамандықты бір сәтке өздері де сезініп көреді.Аталған іс-шараға 11 сынып оқушылары қатысып,ұстаз рөлін атқарады. Осы жауапты іс-шараға оқушылар аса үлкен жауапкершілікпен қарап, дайындықтарын бастап кетті. Мектеп әкімшілігінің басшылығымен сабақ кестесімен танысып, оқу, тәрбие жоспарларын құрды.
Дублер күні - бұл оқушылар нағыз мұғалімдер бола алатын, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алатын ерекше күн.
#тәрбиеалматыоблысы

02.10.2024

ДУБЛЕР КҮНІ

“Ұстаздар күні” мерекесіне орай 3 қазан күні мектебімізде оқушыларды жалпы адамзаттық құндылыққа бағыттайтын өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында “ДУБЛЕР КҮНІ” өткізілді. Аталған мақсатты жүзеге асыруда мектеп оқушылары ерекше қызығушылық танытып,белсенді ат салысты. Сонымен қатар, жүргізілген шарада мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін 9-10-11 сынып оқушылары атқарып, оқушылар өздері бір күн мұғалімдерге дублер болды. Оқушылар жауапкершілікті сезініп, өздеріне жүктелген міндеттерді толығымен орындады. Шара соңын қорытындылай келе, оқушылар “Дублер күні” алған әсерлері мен ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығы туралы өзара пікір алмасты. Мектеп әкімшілігі мүшелері,пән мұғалімдері де оқушылардың міндеттерін қалай атқарғаны жөнінде пікірлерін білдірді. Бір күн дублер бола отырып, мектеп өмірінің бір күндік тыныс тіршілігіне араласып оқушыларымыз оң әсер алды. • Мектеп директоры Куанышева Бакыт Кадыржанқының • орнына 9 «Ә» сынып оқушысы Қайрат Жанболат Азаматұлы дублёр болды. • Оқу ісі жөніндегі орынбасары Тойшыбаева Лаура Ақылбаевнаның • орнына: 9 «Г» сынып оқушысы Баймуратова Жазира Нурланқызы дублёр болды. • Оқу ісі жөніндегі орынбасары Амандық Айдана Көбейқызының • орнына 9 «В» сынып оқушысы Елюхан Дана Серикқызы дублёр болды. • Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шылманбет Нурсултан Асылбекұлының орнына 11 «В» сынып оқушысы Жаулыбай Айқын Ардақұлы дублёр болды. • Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыздарбекова Наргул Казиханқының орнына 9 «Г» сынып оқушысы Сарсенгалиева Жансая Амирқызы дублёр болды. • Директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Жапекова Индира Нурланқызының орнына 9 «А» сынып оқушысы Матай Даяна Рустамқызы дублёр болды. • Директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Татибаева Ақмарал Жаманкуловнаның орнына 9 «А» сынып оқушысы Дүйсембек Инабат Думанқызы дублёр болды. • Мектеп психологы Бутабаева Айгул Рахимжанқызының • орнына 10 «А» сынып оқушысы Еримбетов Ерсин дублёр болды. • Әлеуметтік педагог Даулетбаева Сулушаш Габитқызының орнына • 9 «Ә» сынып оқушысы Алтынбек Насихат Русланқызы дублёр болды.

02.10.2024

Мектептегі өзін- өзі басқару жұмысын жандандыру

Мектептегі өзін- өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көпбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдатырушылық қаблеттерін іске асыру мақсатында ертең 3 қазан күні өтетін Дублёр күнін хабарлаймыз